Оразәлі және Ораза (әңгіме)
Оразәлі және Ораза (әңгіме)

Оразәлі және ораза (әңгіме)

Оразәлі биыл беске келді. Соңғы уақыттарда әкесіне көп сұрақ қоятын болып жүр. «Анау неге олай? Мынау неге былай? Ол неге өйтеді?» - деген сияқты.

Бүгін ол: «Әке! Менің атымды неге Оразәлі деп қойдыңыздар?», - деп сұрады.

Әкесі: «Бұрынғы өткен аталарымыздың арасында Оразәлі деген әрі би, әрі батыр бір атамыз болған екен. Бір жағынан сол кісінің есімі ұмыт болмасын, екінші жағынан сен де сол кісі секілді ақылды, дана, еліне қызмет ететін азамат болсын деп ырымдап, атаң сенің атыңды Оразәлі қойды», - деп жауап берді.

-         Ал, ол би атамыздың атын неге Оразәлі деп қойған?!

-         Ол кісі ораза кезінде дүниеге келген екен. Сондықтан Оразаның 

құрметіне солай деп қойыпты...

Ата-анасының ораза ұстауға дайындалып жүргенін білетін Ораз:

-         «Сонда ол уақытта да адамдар ораза ұстаған ба не?!» - деп таңғала

сұрады.

-         Әрине, балам! Халқымыз қазақ атын алғалы бері оразасын ұстап келе

жатыр. Оған деген құрметі ерекше болатын. Сол себепті де оразада туған балаларына Оразбай, Оразкүл секілді есімдер берген.

-         Онда, мен де ертеңнен бастап ораза ұстаймын!

-         Сенің жасың біраз кішіректеу ғой. Сәл өскен соң ұстайсың балам!

Бірақ, менің саған бір ұсынысым бар. Бүгін кешке бізбен бірге мешітке тарауық намазына бар. Ал, таңертең сені сәресіге оятамыз. Себебі, сәресіде береке бар. Мен де сен секілді кезімде әжелеріммен бірге ерте тұрып сәресі ішетінмін.

-         Жарайды, әке! Онда солай жасаймын. Ал, қазір анама айтайын менің

әдемі киімдерімді дайындап қойсын. Кешке мешітке барамын!

Келе жатқан оразаларыңыз қабыл болсын!!!

 

 

Kuanysh SerikKuanysh Serik
5 жыл бұрын 3590
0 пікір
Блог туралы