Бәріміз Алла жолындамыз, егер...
Пайғамбарымыз (с.а.с) бен сахабаларының жанынан бір кісі өтіп бара жатты. Оның күш-қуатын көрген сахабалар: "Шіркін, мына жігіт Алла жолында күрескенде ғой", - дейді. Сонда Пайғамбарымыз: "Егер ол кішкентай балаларына напақа табу үшін кетіп бара жатса, онда Алла жолында. Егер қарт ата-анасын асыраймын деп жұмысқа бара жатса, онда да Алла жолында. Егер ешкімге мұқтаж болмайын деп, өз несібесі үшін еңбек етуге бара жатса, тағы да Алла жолында. Ал, егер мақтаныш, рия үшін осылай бара жатқан болса, онда шайтанның жолында", - деген екен. Иә, хадисте көргеніміздей ниетіміз түзу болса,...